Q Football

Мало Гюстоға «Милан» қызығушылық білдірді

Мало Гюстоға «Милан» қызығушылық білдірді

«Челси» қорғаушысы мансабын Италия чемпионатында жалғастыруы мүмкін

Николо Скираның хабарлауынша, «россонерри» 23 жастағы Франция құрамасының ойыншысын мұқият бақылап отыр. Лондонның клубы қысқы трансфер кезеңінде оған ұсыныс жасап көрмек.

Гюсто осы маусымда он матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді. Оның «көктермен» келісімшарты 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.