Q Football

ҚФФ «Арыс» клубының бас бапкерін 2027 жылға дейін шеттетті

ҚФФ «Арыс» клубының бас бапкерін 2027 жылға дейін шеттетті
©️KFF

ҚФФ Бақылау, тәртіптік және этика комитеті жүргізілген қызметтік тергеу қорытындысы бойынша «Арыс» клубына қатысты шешім шығарды.

Команданың бас бапкері Ғалымжан Есенбаев матч нәтижесіне ықпал ету әрекеті туралы хабарламағаны үшін 2027 жылғы 1 тамызға дейін ҚФФ аясындағы барлық жарыстардан шеттетілді. Клуб директоры Арман Пірмановқа ескерту жасалып, федерация талаптарын орындамағаны үшін «Арысқа» 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Бірінші лига қорытындысы бойынша «Арыс» 33 ұпай жинап, жетінші орынға тұрақтады.