Q Football

Әл-Хиләл Фелиштің Барселонаға қайта оралуына кедергі жасағысы келеді

Әл-Хиләл Фелиштің Барселонаға қайта оралуына кедергі жасағысы келеді

Бұған дейін баспасөз «блауграна» президенті Жоан Лапортаның португалиялық футболшының талантына бұрыннан бері жоғары баға беретінін жазған.

Инсайдер Экрем Конурдың әлеуметтік желілерде жариялаған ақпараты бойынша, «Әл-Хиләл» басшылығы Фелиштің Сауд Арабиясында қалғанын қалайды. Клуб 26 жастағы шабуылшыға қатысты жағдайдың дамуын мұқият бақылап, өз тарапынан ұсыныс әзірлеп жатыр.

Қазір Жуан Фелиш Криштиану Роналдумен бірге ойнайтын «Әл-Наср» клубының ойыншысы болып есептеледі.

Сауд Арабиясы чемпионатының осы маусымында португалиялық форвард 10 матчқа қатысып, 3 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген.

Бұған дейін Криштиану Роналдудың ұлы алғаш рет Португалияның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасына шақырту алғаны хабарланған.