Q Football

Шотландия жанкүйерлері Ұлттар лигасындағы жеңіске қарамастан, командаға ысқырып наразылық білдірді

Шотландия жанкүйерлері Ұлттар лигасындағы жеңіске қарамастан, командаға ысқырып наразылық білдірді

Шотландия құрамасы Солтүстік Македонияға қарсы өз алаңындағы матчта жанкүйерлерінің наразылығына тап болды. Кездесу 2:1 есебімен аяқталып, шотландиялықтар жеңіске жеткенімен, футболшылар бірінші тайм аяқталмай жатып-ақ трибунадан ысқырық естіді.

Алаң иелері алғашқы 45 минутта жанкүйерлердің үмітін ақтай алмады. Бірінші тайм голсыз аяқталды. Шабуылда қиындықтарға тап болған команданың ойынына көңілі толмаған жанкүйерлер наразылық білдірді.

Үзілістен кейін жағдайды Джон Макгинн өзгертті. Ол 54-минутта есеп ашты. Солтүстік Македония көп ұзамай есепті теңестіргенімен, 74-минутта жартылай қорғаушы пенальтиді сәтті орындап, дубль жасап, Шотландияға жеңіс сыйлады.

Осы нәтиженің арқасында Шотландия В лигасындағы орнын сақтап қалуға кепілдік алды. Дегенмен трибунадағы жанкүйерлердің реакциясы жеңіске қарамастан, команданың ойын сапасына қатысты сынның тоқтамағанын көрсетті.