Q Football

Команданы зерттеп, есеп ұсынды: Стефано Пиоли «Трабзонспор» басшылығын қалай көндірді

Команданы зерттеп, есеп ұсынды: Стефано Пиоли «Трабзонспор» басшылығын қалай көндірді

Бордо-көгілдірлердің басшылығы атақты бапкерді Ыстанбұл алпауытына қарсы өтетін аса маңызды текетіреске дейін жұртшылыққа таныстыруды көздеп, Стефано Пиолимен келіссөздердің соңғы кезеңіне көшті.

«Коньяспордан» сырт алаңда ұтылу клуб босстарын жаңа бапкерді бекіту процесін жеделдетуге мәжбүр етті. «Миланның» алпыс жастағы экс-бапкері клуб президенті Эртугрул Доғанды өз ісіне деген ұқыптылығымен тәнті етті: маман биылғы маусымдағы барлық кездесулерге егжей-тегжейлі талдау жасап, ауқымды скауттық есеп тапсырған әрі соңғы ойынды тікелей эфирде қадағалаған. Мұндай жанашырлық басшылықты бапкердің ұжымды қайта серпілтуге толықтай дайын екеніне сендірді.

Қазіргі таңда тараптар құжаттарға қол қоймас бұрын соңғы ресми талаптарды реттеп жатыр. Инсайдер Николо Скираның мәліметінше, италиялық маман «2028+1» жүйесі бойынша еңбек келісімшартын, сондай-ақ жаңа жұмыс орнындағы өз штабына кіретін көмекшілердің дербес тізімін бекітуді талап еткен.