Q Football

Франческо Пио Эспозито Балотеллидің жетістігін жаңартты

Франческо Пио Эспозито Балотеллидің жетістігін жаңартты

Италия шабуылшысы Ұлттар лигасының 6-турындағы Бельгияға қарсы ойында (1:4) командасының жалғыз голын соқты

Осылайша ол Ұлттық құрамадағы 15-матчында соққан голдарының санын онға жеткізді.

Нәтижесінде Эспозито XXI ғасырда «скуадра адзурра» үшін 10+ гол соққан ең жас ойыншы атанды. 21 жастағы форвард Марио Балоттелидің (22 жас, 10 ай) рекордын жаңартты. Ал жалпы тарихта бұл көрсеткіш бойынша рекорд Джузеппе Меаццаға (20 жас, 5 ай) тиесілі.

Алты ойыннан кейін он ұпай жинаған Роберто Манчинидің шәкірттері топта үшінші орынға жайғасты. Франция 13 ұпаймен топ жарса, одан бір ұпайға қалыңқы Бельгия екінші орынға жайғасты. Ал бірде-бір ұпай еншілей алмаған Түркияда соңғы сатыда қалды.