Ойын Торсхавн қаласындағы «Торсволлур» стадионында өтті және фарерліктердің ең аз есеппен — 1:0 — жеңісімен аяқталды. Жалғыз голдың авторы 24-минутта нәтижелі соққымен көзге түскен Аки Самуэльсен болды.
Осылайша, Фарер аралдарының құрамасы сегіз ұпай жинап, Ұлттар лигасының С дивизионы 3-тобында екінші орын алды. Молдова құрамасына келсек, ол жеті ұпаймен турнир кестесінің үшінші сатысында мәреге жетті. Сондай-ақ бұл топта Қазақстан мен Словакия құрамалары өнер көрсетеді.
