Q Football

Доргу Дания құрамасындағы тесттен өте алмай, клубына оралды

Доргу Дания құрамасындағы тесттен өте алмай, клубына оралды
©️Dean Mouhtaropoulos/Getty Images

Ойыншы тізе асты сіңірінің жарақатынан кейін қалпына келуін жалғастыруда

22 жастағы «Манчестер Юнайтед» қаптал қорғаушысы Патрик Доргу физикалық дайындық бойынша міндетті тесттерден сәтті өте алмай, Дания құрамасының оқу-жаттығу жиынынан мерзімінен бұрын кетті. Ұлттық команданың бас дәрігері Мортен Боесеннің айтуынша, футболшыға тізе асты сіңірінің жарақатынан толық қалпына келуі үшін қосымша уақыт қажет.

Ойыншы «қызыл сойқандар» қарамағына қайтарылды, онда ол клубтық физиотерапевтердің бақылауымен оңалту курсын жалғастырады. Осылайша, Доргу даниялықтарға УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы Португалия және Норвегия құрамаларына қарсы қарашадағы кездесулерде көмектесе алмайды.