Ағылшындық «Бернлидің» жаңа тізгіншісі Фабио Челестини Чемпионшиптің 13-туры аясында «Портсмутқа» қарсы өз алаңында өтетін матчтың негізгі құрамын жариялап, Қазақстан құрамасының форварды Дастан Сәтпаевты толықтай назардан тыс қалдырды.
Клуб сапында алғашқы минуттан алаңға Кудер, Уокер, Хатате, Варди, Эдвардс, Унтонджи, Экдаль, Рамазани, Пирес, Лоран және Игор шығады. Өткен турда «Линкольннен» ойсырай жеңілгеннен (1:4) кейін «Бернли» 12 кездесуде жинаған сегіз ұпайымен турнир кестесінің төменгі сатысында қалып отыр, ал «Портсмуттың» қоржынында 18 балл бар. Қазіргі уақытта қазақстандық шабуылшы клуб сапында нәтижелі әрекетпен көзге түспей, жеті матч өткізді.
«Бернлидің» жаңа бас бапкері Дастан Сәтпаевты Чемпионшип матчына өтінімнен тыс қалдырды

Қазақстан құрамасының 18 жастағы шабуылшысы «Портсмутқа» қарсы ойында қосалқы құрам тізіміне де енбей қалды