Бірінші таймда есепте артта қалған француздар үзілістен кейін ойын тізгінін өз қолына алып, 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Кездесудегі алғашқы гол 35-минутта соғылды. Ромео Лавия қорғанысты тіліп өткен пас беріп, допты Доди Лукебакиоға жеткізді. Шабуылшы айып алаңының ішінен тоғыздыққа бағыттаған соққысымен есеп ашты.
Екінші таймда Франция қысымды күшейтіп, бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Нәтижесінде 77-минутта таразы теңесті: Люка Да Кунья Дезире Дуеға айып алаңы сызығы маңынан дәл пас шығарды, ал жартылай қорғаушы төменгі бұрышты дәл көздеді - 1:1.
Арада төрт минут өткенде алаң иелері алға шықты. Майкл Олисе айып алаңында допты қабылдап, Раян Шеркиге ыңғайлап берді, ал Шерки Вандервордт қақпасының оң жақ төменгі бұрышын дәл тапты.
Францияның үшінші голын 88-минутта Олисе өзі соқты: ол Дуеден пас алып, қорғаушысын алдап өтіп, сол жақ төменгі бұрышқа тоқтаусыз соққы жасады - 3:1. Қосымша уақытта Олисе тағы да Дуенің пасын голға айналдырып, есепті 4:1 етіп түйіндеді.
Осы нәтижеден кейін Франция Ұлттар лигасының осы маусымында Бельгияны екінші рет жеңіп, төрт матчтан кейін 10 ұпаймен көш бастады. Бельгия 6 ұпай жинап, үшінші орында қалды.
Франция - Бельгия 4:1
Голдар: Дуе, 77, Шерки, 81, Олисе, 88, 90+1 - Лукебакио, 35
Франция: Рест - Кунде, Йоро, Лакруа, Диуф - Аклиуш (Шерки, 60), Камавинга (Рабьо, 87), Коне (Да Кунья, 60) - Дембеле (Олисе, 60), Леполь, Баркола (Дуе, 72).
Бельгия: Вандервордт - Кастань, Нгой, Мехеле, Сейс - Раскин, Лавия (Кейта, 87), Ванакен (Троссар, 87) - Лукебакио (Годтс, 70), Лукаку (Де Кетеларе, 70), Морейра (Опенда, 87).
Ескертулер: Лакруа, 69 - Лавия, 57, Сейс, 75
