Q Football

Пирола Италияға қайта оралғысы келеді

Пирола Италияға қайта оралғысы келеді
Getty Images

Футболшының қызметіне бірнеше клуб қызығушылық танытып отыр.

«Олимпиакос» сапында ойнайтын Лоренцо Піроланың А сериясына қайта оралу ықтималдығы бар. Инсайдер Николо Скираның хабарлауынша, 24 жастағы италиялық қорғаушы клуб ауыстырып, Италияға оралуды өзі де қалайды.

Дереккөздің мәліметіне сүйенсек, қазір Піроланың қызметіне бірнеше клуб назар аударып отыр.

Қорғаушының «Олимпиакоспен» келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін күшінде. Осы маусымда ол 14 матчқа қатысты.

Пірола бұған дейін Италия чемпионатында «Салернитана», «Монца» және «Интер» жейдесінде өнер көрсеткен.