Манкуниандықтардың жаңа бас бапкері Маурисио Почеттино шабуыл шебін күшейтуді жоспарлап отыр. 27 жастағы нигериялық футболшы клубтың қызығушылығына қуанышты және АПЛ-да өнер көрсетуге қарсы емес.
Осимхеннің Галатасараймен келісімшарты 2029 жылдың маусымына дейін жарамды. Онда белгіленген сомаға сатып алу тармағы жоқ, сондықтан клубтарға баға жөнінде өзара келісуге тура келеді.
«The Sun» басылымының мәліметінше, шабуылшы жылына 15,5 млн еуро жалақы алады және МЮ сапында да дәл осындай еңбекақыға келісер еді.
