Инсайдер Экрем Конур әлеуметтік желіде «Ювентус», «Милан» және «Наполи» скауттары Крстовичтің ойындарын тұрақты бақылап жүргенін хабарлады.
Крстович осы маусымда Италия чемпионатында 11 матч өткізіп, 7 гол соқты және 2 нәтижелі пас берді.
Шабуылшының «Аталантамен» келісімшарты 2030 жылғы маусымның соңына дейін күшінде. «Transfermarkt» оның нарықтағы құнын 30 миллион еуроға бағалайды.
