«Football London» басылымының хабарлауынша, биылғы маусымда Джейми Гиттенс Англия лигасы кубогында небәрі екі матчқа ғана қатысты. Жарақатына байланысты ол өткен маусымның екінші жартысының дерлік бәрін өткізіп алды. Қалпына келген күннің өзінде ағылшын футболшысына Хаби Алонсо командасының негізгі құрамына орнығу қиын болады.
Гиттенске «Рома» қызығушылық танытып отыр, бірақ италиялық клуб әзірге тек жалға алу нұсқасын ғана қарастыруда. «Челсидің» мұндай шартқа келісу-келіспеуі әзірге белгісіз.
Гиттенс 2025 жылдың шілдесінде дортмундтық «Боруссиядан» «Челсиге» 56 млн еуроға ауысқан болатын.
