«Sport Bild» журналисі Кристиан Фальктің мәліметінше, Олисе бір күні Мюнхеннен кетуді шешсе, Испания чемпионатында ойнауға қызығуы мүмкін.
«Бавария» французды ұстап қалу үшін қаржылық мүмкіндік ұсынып қана қоймай, оның жеке жүлделерге таласуына жағдай жасауды көздейді. Клуб Олисенің өз сапында ойнап жүріп «Алтын допқа» үміткер болатынына сенеді.
Қолда бар мәліметке қарағанда, Олисе жылына шамамен 14 млн еуро табады.
