Алғашқы 45 минут голсыз аяқталды. Грузия құрамасы қарсыласқа қарсылық көрсетуге тырысқанымен, венгрлер қақпаға жиі қауіп төндіріп, көбірек қауіпті сәттер ұйымдастырды.
73-минутта алаң иелерінің қорғаушысы Лаша Двали допты өз қақпасына соғып алды. Ал 85-минутта Барнабаш Варга Собослаидің пасынан кейін қонақтардың басымдығын екі голға жеткізіп, матч тағдырын түпкілікті шешті.
Бұл Венгрияның Ұлттар лигасының биылғы маусымында Грузияны екінші рет жеңуі болды. Команда А лигасына көтерілу үшін күресін жалғастырып жатыр, ал Грузия құрамасы топта әлі жеңіске жеткен жоқ.
