Журналист Николо Скираның хабарлауынша, 25 жастағы ойыншыны тобығындағы жарақаты мазалайды екен. Осыған байланысты ол Бельгияға қарсы ойнамайды.
Камбьяги осы маусымда 11 ойында алаңға шығып, төрт нәтижелі пас берді.
«Скуадра Адзурра» бүгін Ұлттар лигасының соңғы туры аясында сырт алаңда Бельгиямен кездеседі. Брюссельде өтетін матч 00:45-те басталады.
