Ойынның 36-минутында есепті Кристоффер Айер ашты. Араға екі минут салып, 38-минутта Жоау Канселу таразы басын теңестірді. Жеңіс голын 79-минутта Гонсалу Рамуш соқты.
Португалия сапында алаңға Диогу Кошта, Канселу (63-минутта орнына Диогу Далот шықты), Диаш, Вейга, Мендеш, Палинья (63 - Рубен Невеш), Витинья (86 - Бернарду Силва), Консейсан, Фелиш (90+2 - Тавареш), Фернандеш (90+2 - Тринкан) және Рамуш шықты. Норвегия құрамында Селвик, Эурснес, Айер, Эстигор, Меллер-Вольфе, Эдегор, Берге, Берг (87 - Осгор), Шельдеруп, Холанд (67 - Странд Ларсен) және Нуса (74 - Бобб) ойнады.
Кездесуде Португалиядан Канселу, Консейсан және Фернандеш ескерту алды. 86-минутта Франсишку Консейсан екінші сары қағазын алып, спорттық емес мінез-құлық үшін алаңнан қуылды.
