Велько Паунович жаттықтыратын Сербия құрамасы Ұлттар лигасындағы төрт ойынын да жеңіліспен аяқтады. Команда алдымен Грекиядан 1:2 есебімен ұтылды, кейін Нидерландтан да дәл осындай есеппен жеңілді. Үшінші кездесуде Германия Сербияны 2:0 есебімен тізе бүктірсе, келесі матчта сербтер тағы да Нидерландтан 1:2 есебімен жеңілді.
Төртінші турда әлі алаңға шықпағанымен, үш жеңілісі бар құрамалар да кездеседі. А лигасында мұндай көрсеткіш Түркия мен Чехияда бар. В лигасында үш рет ұтылғандар қатарында Солтүстік Македония мен Румыния аталады, ал С лигасында - Сан-Марино.
