Q Football

Собослаи бір айға жуық уақытқа қатардан шығуы мүмкін

Собослаи бір айға жуық уақытқа қатардан шығуы мүмкін
UEFA

«Ливерпульдің» негізгі ойыншыларының бірі «Кристал Пэласқа» қарсы матчта жарақат алды.

Осыған байланысты венгриялық жартылай қорғаушы қараша айында ұлттық құрамасына көмектесе алмауы мүмкін. Венгрия футбол федерациясының мәліметінше, футболшы медициналық тексеруден өтеді. Оның нәтижесі бойынша Собослаидың УЕФА Ұлттар лигасында Грузия мен Солтүстік Ирландия құрамаларына қарсы матчтарға қатыса алатыны белгілі болады.

Осы маусымда 24 жастағы «Ливерпуль» футболшысы барлық турнирде 11 матч өткізіп, үш гол соқты және бір нәтижелі пас берді.