Q Football

Сұлтан Қазақстанға қарсы матч алдында Фарер құрамасының жаттығуына кедергі келтірді

Сұлтан Қазақстанға қарсы матч алдында Фарер құрамасының жаттығуына кедергі келтірді

Kvf.fo мәліметінше, Фарер аралдары құрамасының футболшыларының басым бөлігі отырған автобус Астанада жолда тұрып қалды. Бұған Оман сұлтанының Қазақстанға ресми сапарына байланысты енгізілген қозғалыс шектеулері себеп болған

Сайттың жазуынша, автобус «Астана Аренаға» барар жолда кептеліске тап болып, команданың жаттығуы жоспарланған уақытынан кеш басталатын болды. Ресми сапарға байланысты елордадағы көлік қозғалысында қиындықтар туындағаны атап өтілді.

Баспасөз мәслихатына алдын ала келіп қойған Фарер аралдары құрамасының бас бапкері Эйдун Клакстейн жағдайға қатысты пікір білдірді.

- Кейбір жолдар жабық, автобус жүргізушісі стадионға апарар басқа бағыт іздеп жатыр. Дегенмен олар жақын арада жетіп қалады деп үміттенеміз, - деді Клакстейн.

Қазақстан - Фарер аралдары матчы 2026 жылдың 6 қазанында Астанада өтеді және Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.