Q Football

Тухель ағайынды Беллингемдерді Англия құрамасына шақырып, Палмерді тізімнен тыс қалдырды

Тухель ағайынды Беллингемдерді Англия құрамасына шақырып, Палмерді тізімнен тыс қалдырды
Getty Images

Англия құрамасының бас бапкері қараша айындағы матчтарға қатысатын ойыншылар тізімін анықтап, бірнеше жас футболшы мен жарақатынан айыққан ойыншыларға мүмкіндік берді.

Ұлттық құрамаға алғаш рет дортмундтық «Боруссияның» 19 жастағы жартылай қорғаушысы, Джуд Беллингемнің інісі Джоб Беллингем шақырту алды. Сондай-ақ Джош Кинг те ересектер құрамасында дебют жасау мүмкіндігіне ие болды.

Ал Коул Палмер құрама тізіміне енбеді. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Томас Тухель «Челси» футболшысының оқу-жаттығу жиындарына бірнеше рет қатыспағанына көңілі толмаған.

Англия құрамасының капитаны қызметін Харри Кейн жалғастырады. Жарақаттарынан айыққан Деклан Райс, Бен Уайт және Джед Спенс команда сапына оралды.

Букайо Сака мен Маркус Рашфорд әлі де жарақаттарынан айығып жатыр. Ал Фил Фоден бапкерлер штабының шешімімен құрамаға шақырту алмады.