Молдова құрамасы төртінші турда словактардан 0:4 есебімен жеңілді. Moldfootball.com сайты келтірген сөзінде хавбек командасының кездесуді жаман бастамағанын, алайда мүмкіндігін пайдалана алмай, көп ұзамай есе қайтарушы рөлінде қалғанын айтты.
«Матч ауыр болды, бірақ бірінші таймды жақсы бастадық. Өте жақсы мүмкіндігіміз болды, оны жіберіп алдық, ал қарсылас алғашқы сәтінде-ақ гол соқты. Содан кейін ойынға қайта оралу қиынға соқты. Біз балалық қателіктен гол жібере бастадық, бірақ, сайып келгенде, нәтиже осындай», — деді Стынэ.
Футболшы турнирдің қалған матчтарына қатысты жоспарымен де бөлісті.
«Мақсатымыз өзгерген жоқ, ол екінші орынды иелену. Алда өз алаңымызда Қазақстанмен ойын бар, оны жеңуге міндеттіміз, содан кейін Фарер аралдарын ұтуға аттанамыз», — деп қосты ол.
