Q Football

«Зенит» Әліппен бірге камбэк жасап, Ресей Премьер-лигасының үздік үштігіне кірді

«Зенит» Әліппен бірге камбэк жасап, Ресей Премьер-лигасының үздік үштігіне кірді
Zenit

Санкт-петербургтіктер Ресей Премьер-Лигасының сегізінші турында мәскеулік «Локомотивпен» (2:1) ойнады

Кездесу «Газпром Аренада» өтті. Матчтағы есепті 18-минутта қонақтардың шабуылшысы Александр Руденко ашты. 70-минутта алаң иелері шабуылшы Луис Энрикенің голының арқасында алға шықты. 74-минутта «Зениттің» қорғаушысы Кевин Андраде есепті теңестірді. Матчтың түпкілікті есебі — «Зениттің» пайдасына 2:1.

Қазақстан құрамасының капитаны, қорғаушы Нұралы Әліп негізгі құрамда алаңға шығып, 76-минутта сары қағаз алды. Қазақстандық ойыншы алаңда бүкіл матч бойы болды.

РПЛ-дің 8-турынан кейін «Зениттің» еншісінде 15 ұпай бар және турнир кестесінің үшінші сатысына көтерілді. «Локомотив» 6 ұпаймен — 13-орында.