«22 жастағы «Қайрат» қақпашысы Қазақстан құрамасының қақпасын қорғайды. Мендегі ақпарат бойынша, Темірлан Анарбеков ертең Фарер аралдарына қарсы кездесуде командамыздың негізгі құрамында алаңға шығады. Жалпы, елдің басты командасының бас бапкері Джон ван ’т Схип негізгі құрамға бірден сегіз өзгеріс енгізеді», - дейді инсайдер.
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының төртінші туры аясында «Астана Аренада» Фарер аралдары командасын қабылдайды. Қарсыластардың биылғы додадағы алғашқы ойыны 2026 жылдың 26 қыркүйегінде Торсхавнда өтіп, 1:1 есебімен аяқталған.
Қайта матч алдында Джон ван ’т Схип шәкірттері топта соңғы орында тұр: Молдовадан өз алаңында 1:2 есебімен жеңілгеннен кейін Қазақстанның еншісінде бір ғана ұпай бар.
Айта кетейік, Ұлттар лигасының алғашқы үш турында Анарбеков алаңға шыққан жоқ: Фарерге қарсы бірінші кездесуде ол ойынға арналған түпкілікті өтінімге енбеді, ал Словакия және Молдовамен өткен матчтарда қосалқы құрамда қалды.
