Нидерландтықтар алтыншы минутта Крисенсио Саммервиллдің голының арқасында есеп ашты. Кейін Рейндерс 12, 18 және 33-минуттарда гол соғып, үзіліске дейін хет-трик жасады. Юрриен Тимбер де 40-минутта гректердің қақпасын дәл көздеді.
Екінші таймда Тимбер дубль авторы атанса, Доньелл Мален алаң иелерінің басымдығын жеті голға жеткізді. Бұған дейінгі өзара кездесуде Нидерландпен 2:2 есебімен тең түскен Грекия құрамасы бұл жолы бірде-бір гол соға алмады.
Ірі есеппен аяқталған жеңіс нидерландтықтар үшін соңғы тур алдындағы маңызды мәлімдеме болды. Енді 16 қарашада команданы өз матчында жеңіске жеткен Германияға қарсы принципті кездесу күтіп тұр.
