«Бұл, әрине, ең жағымды сценарий емес», — деді маман матчтан кейін. Оның жеті гол жібергеніне қатысты сабырлы реакциясы футбол жанкүйерлері арасында талқылау тудырды.
Нидерландтықтар бірінші таймның өзінде жауапсыз бес гол соғып, матч тағдырын шешіп қойды. Жартылай қорғаушы Тейани Рейндерс небәрі 21 минут ішінде хет-трик жасаса, кейін Юрриен Тимбер дубль авторы атанды.
Бұл нәтиже Грекия құрамасының ресми матчтар тарихындағы үшінші ең ірі жеңілісі болды. Бұған дейін қазан айында гректер дәл осы қарсыласпен 2:2 есебімен тең түскен еді.
