Кездесу гол соғылмай аяқталды — 0:0. 18 жастағы қазақстандық шабуылшы бұл ойынға «Бернлидің» өтініміне енген жоқ. Сәтпаев бастапқы құрамда да, қосалқы ойыншылар қатарында да болмады. Осы маусымда Дастан ағылшын клубы сапында жеті матч өткізіп, әзірге гол да, нәтижелі пас та тіркеген жоқ. Еске салайық, алдыңғы турда «Бернли» сырт алаңда «Линкольннан» ірі есеппен жеңіліп — 1:4, Ники Хайенді қызметінен босатып, Фабио Челистиниді тағайындады.
Тең ойыннан кейін «Бернли» тоғыз ұпай жинап, Чемпионшип турнир кестесінде 22-орында тұр. «Портсмут» өз қоржынын 19 ұпайға жеткізді.
