Q Football

Қазақстан құрамасының экс-бапкері Станислав Черчесов «Ахматтан» кетті

Қазақстан құрамасының экс-бапкері Станислав Черчесов «Ахматтан» кетті
©️«Чемпионат»

Клуб созылмалы дағдарыс салдарынан маманмен келісімшартты бұзып, Самородовты бас бапкерсіз қалдырды

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Максим Самородов намысын қорғайтын грозныйлық «Ахмат» бас бапкер Станислав Черчесовпен ынтымақтастықты тоқтатқанын ресми түрде жариялады. 63 жастағы маманмен жасалған еңбек шарты тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды, ал клуб басшылығы жаңа тізгіншінің есімін жақын арада жариялауға уәде берді.

Қазақстан құрамасының бұрынғы тәлімгерінің қызметтен босатылуына созылып кеткен сәтсіздіктер сериясы түрткі болды: команда барлық турнирде қатарынан жеті матч бойы жеңіске жете алмай келеді. Ресей Премьер-лигасының 13 турынан кейін небәрі 11 ұпай жинаған грозныйлықтар турнирлік кестенің соңынан екінші, 15-сатысына сырғып, тікелей төменгі лигаға ұшып кету аймағына табан тіреді.