Q Football

Почеттино «МЮ»-дағы бапкерлер штабын ағылшын тілінде сөйлесуге міндеттеді

Почеттино «МЮ»-дағы бапкерлер штабын ағылшын тілінде сөйлесуге міндеттеді
Getty Images

«Манчестер Юнайтедтің» жаңа бас бапкері клубта өз тәртібін орната бастады. 22 қарашада аргентиналық маман «Ливерпульге» қарсы матчта команда тізгініндегі алғашқы ойынын өткізеді.

The Sun мәліметінше, Почеттино Майкл Кэррик жұмыс істеген кезеңмен салыстырғанда жаттығулардың қарқыны мен ұзақтығын айтарлықтай арттырған. Футболшылар команданың дайындық тәсіліндегі өзгерістерді байқап үлгерген.

Дереккөздің хабарлауынша, 54 жастағы маман жаттығу процесіне белсенді қатысып, ойыншылардың дайындығын жеке өзі тексереді. Қажет болған жағдайда жаттығуды тоқтатып, өз талаптарын түсіндіреді.

«Почеттиноның харизмасы мен беделі жоғары. Футболшылар оның АПЛ-дегі мол тәжірибесін біледі және өздерінің жоғары деңгейдегі бапкермен жұмыс істеп жатқанын түсінеді», — деді басылымның аты-жөні белгісіз дереккөзі.