Q Football

Маркус Рэшфорд «Ливерпульге» қарсы ойнамайды

Маркус Рэшфорд «Ливерпульге» қарсы ойнамайды

«Манчестер Юнайтед» шабуылшысын әлі де сан бұлшық етіндегі жарақаты мазалайды

Алекс Круктың хабарлауынша, осыған байланысты ол бүгінгі ойында алаңға шықпайды.

29 жастағы англиялық вингер осы маусымда сегіз матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады. Оның «қызыл сойқандармен» келісімшарты 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Ағылшын Премьер-лигасының 11-туры аясындағы «Ливерпуль» – «Манчестер Юнайтед» кездесуі сағат 21:30-да басталады.