Q Football

«Лидс» «Челсиді» «Стэмфорд Бриджде» ойсырата жеңді

«Лидс» «Челсиді» «Стэмфорд Бриджде» ойсырата жеңді
© Getty Images

Қонақтар 4:1 есебімен жеңіске жетіп, 1999 жылдан бері алғаш рет Челси алаңында топ жарды

Лондондықтар 25-минутта есеп ашты: Морган Роджерстің пасынан кейін Эммануэль Эмега мергендік танытты. Алайда араға үш минут салып Ноа Окафор таразы басын теңестірді.

Үзілістен кейін доп Роджерстің қолына тиіп, төреші бейнеқайталауды көрген соң пенальти белгіледі. 53-минутта Доминик Калверт-Льюин 11 метрлік айып добын сәтті орындап, Лидсті алға шығарды. Бұл оның клубтық мансабындағы жүзінші голы болды. Алты минуттан кейін Окафор дубль авторы атанды.

Челси есепті теңестіруге тырысқанымен, бұдан әрі гол соға алмады. Қосымша уақытта Бренден Ааронсон есепті 4:1-ге жеткізді.

Челси — Лидс Юнайтед 1:4

Голдар: Эмега, 25 - Окафор, 28, 59, Калверт-Льюин, 53 (пен), Ааронсон, 90+1

Челси: Мартинес — Ачимпонг (Кенда, 73), Фофана, Колвилл, Чаваррия (Гюсто, 73) — Лавия, Кайседо (Хендерсон, 22) — Эстеван (Нету, 64), Палмер, Роджерс — Эмега (Уэлбек, 64)

Лидс Юнайтед: Траффорд — Джастин, Эльведи, Мухаремович — Богл (Родон, 86), Ампаду, Танака (Штах, 86), Гудмундссон — Лонгстафф, Окафор (Ааронсон, 73) — Калверт-Льюин

Ескертулер: Лавия — Гудмундссон, Богл, Лонгстафф