Q Football

Хаби Алонсо «Челсидің» «Лидстен» ірі жеңілуіне пікір білдірді

Хаби Алонсо «Челсидің» «Лидстен» ірі жеңілуіне пікір білдірді
© Getty Images

«Ақ сүйектер» «Лидске» 1:4 есебімен ұтылды. Хаби Алонсоның айтуынша, қарсылас есепті теңестірген соң команда өзіне деген сенімін жоғалтқан.

Эммануэль Эмега 25-минутта «Челсиді» алға шығарды. Үш минуттан кейін Ноа Окафор есепті теңестірді. «Оған дейін бәрі тәуір еді: мүмкіндіктер жасадық, алға ұмтылдық, қарсыластың қысымынан шыға алдық», — деді Алонсо.

Үзілістен кейін Доминик Калверт-Льюин пенальтиді орындап, гол соқты. Окафор екінші добын салды, ал Бренден Ааронсон есепті «Лидстің» пайдасына 4:1-ге жеткізді.

Алонсо «Sky Sports-қа» берген сұхбатында командасының жауап әрекеті жеткіліксіз болғанын мойындады: «Бүгін «Лидс» өзіне бізден көбірек сенді. Біздің жауабымыз жеткіліксіз болды. Шешімді бірге табуымыз керек».

Бапкер жеңіліске жекелеген футболшыларды кінәламады. «Жоқ, кейбір ойыншылар мені жерге қаратты деп ойламаймын. Біз бір команда, бір ұжым болып әрекет етуіміз керек. Бір-бірімізге қолдау көрсетіп, қалай жақсаратынымызды бірге іздеуіміз керек. Мұндай сәттер болады, футболшылар оларды алаңда еңсере білуі тиіс. Күресті жалғастыру керек, өйткені ойын алғашқы сәтсіздіктен кейін аяқталмайды», — деді ол.

«Челси» Англия премьер-лигасындағы соңғы төрт матчтың үшеуінде жеңілді.