Дереккөздің хабарлауынша, 24 жастағы вингерге «Астон Вилла» мен «Бешикташ» қызығушылық танытып отыр. Сонымен қатар бірнеше клуб ойыншының жағдайын бақылауда ұстап отыр.
Осы маусымда Диалло барлық турнирде сегіз матчқа қатысып, алаңда жалпы 514 минут өткізді. Оның еншісінде бір нәтижелі пас бар.
Футболшының «Манчестер Юнайтедпен» келісімшарты 2030 жылдың жазына дейін жарамды. Transfermarkt порталы оның нарықтық құнын 45 миллион еуроға бағалап отыр.
