Q Football

Андреа Мальдера Украина құрамасының тарихындағы ең нашар көрсеткішті тіркеді

Андреа Мальдера Украина құрамасының тарихындағы ең нашар көрсеткішті тіркеді

Оның тұсында команда алғашқы бес матчта небәрі төрт ұпай жинады. Бұл құрама тарихындағы барлық бапкерлердің арасындағы антирекорд болып тіркелді

55 жастағы италиялық маман «сары-көктерді» мамыр айында тізгіндеген еді. Содан бері команда Венгрияны (1:0) жеңіп, Грузиямен (0:0) тең ойнаса, Солтүстік Ирландияға екі рет (0:3, 0:1) және Венгрияға (1:2) бір мәрте есе жіберді.

Осылайша Украина бес турдан кейін төрт ұпай жинап, Ұлттар лигасында тобында үшінші орынға тұрақтады.