«Біз ертеңгі ойынға толық дайынбыз. Соңғы матчтардағы нәтижелер бізді қанағаттандырмайды. Сондықтан жанкүйерлерді қуантып, өзімізге қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін барымызды саламыз», — деді Жагоров.
Ол Молдоваға қарсы кездесуде командаға ойынның алғашқы минуттарынан бастап агрессия жетіспегенін атап өтті. Екінші таймда гол жіберіп алғаннан кейін Қазақстан құрамасы шабуылды күшейтіп, қауіпті сәттер жасай бастады. Алайда есепті өзгертуге уақыт жеткіліксіз болды.
Жагоров Фарер аралдарына қарсы матч тартысты өтетінін айтып, команда кез келген жағдайға дайын екенін жеткізді. Қазақстан құрамасы өз ойын мәнерінен бас тартпайды.
