Q Football

Дьёкерештің дублі Швецияны А лигасына шығарды

Дьёкерештің дублі Швецияны А лигасына шығарды

Швеция құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының бесінші турында Босния және Герцеговинаны 3:2 есебімен жеңді. Кездесудің басты қаһарманы екі пенальтиді сәтті орындап, нәтижелілік бойынша тағы бір жетістікке қол жеткізген шабуылшы Виктор Дьёкереш болды.

Алаң иелері бесінші минутта Даниэль Свенссонның голының арқасында есеп ашты. 11-минутта Дьёкереш пенальтиден гол соғып, басымдықты екі допқа жеткізді. Ал бірінші таймның қосымша уақытында тағы бір пенальтиді сәтті орындап, дубль авторы атанды.

Үзілістен кейін босниялықтар ойынға қайта оралуға тырысты. 47-минутта Армин Гигович гол соқса, 62-минутта Сеад Колашинац есеп айырмасын бір голға дейін қысқартты. Алайда шведтер басымдығын сақтап қала алды.

Бұл жеңіс Швецияның А лигасына көтерілуіне кепілдік берді. Сонымен қатар Дьёкереш Ұлттар лигасының қатарынан сегізінші матчында гол соғып, осы нәтижелі сериядағы голдарының санын 12-ге жеткізді.