Q Football

Рамазан Кәрімов ауыр жарақаттан аман қалды

Рамазан Кәрімов ауыр жарақаттан аман қалды
©️ФК «Астана»

Шабуылшы жақын арада жаттығуға кіріседі

Елордалық «Астана» мен Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы ҚПЛ-2026 маусымының қорытынды турындағы оқыс оқиғадан кейін күрделі жарақаттан аман қалды, деп хабарлайды ASnews.kz.

Талдықорғандық «Жетісуға» қарсы матчта (2:2) қарсылас команданың қорғаушысы Дінмұхамед Қашкен 27 жастағы форвардқа қарсы дөрекі ойнап, бірден қызыл қағаз алған болатын. Осы эпизодтың салдарынан Кәрімов Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы қараша айында өткен Молдова (1:2) және Словакияға (2:2) қарсы ойындарына қатыса алмады.

Медициналық тексеріс нәтижесінде футболшының тек соғылып қалғаны белгілі болды, енді ол жақын уақытта жаңа маусымға толыққанды дайындықты бастайды. Аяқталған Қазақстан чемпионатында Кәрімов 29 матч өткізіп, алты гол соқты, бес нәтижелі пас берді және «Астана» сапында қола жүлдегер атанды. Сонымен қатар қыркүйек айында шабуылшы ұлттық команда жейдесінде Ұлттар лигасының үш кездесуіне қатысып, Словакия қақпасына (1:2) соғылған голмен көзге түсті.