Самарлықтар «Родинаға» қарсы кездесуге шығатын құрамды анықтады: алғашқы минуттардан алаңға Кокарев, Горшков, Божин, Чернов, Рассказов, Костанза (К), Витюгов, Печенин, Макаров, Крамарич және Рахманович шығады. Ислам Чесноков бұл тізімге енбей, матчты қосалқы құрамда бастайды.
Өткен турда қазақстандық футболшы, керісінше, «Крылья Советовтың» өз алаңында чемпионат көшбасшысы — «Краснодарға» қарсы ойынында бастапқы құрамда алаңға шыққан еді. Ол бірінші таймды өткізгеннен кейін, бапкерлер штабы оны Амар Рахмановичпен ауыстырды. Босниялық шабуылшы кейін дубль жасап, самарлықтарға 0:2 есебінен кейін камбэк жасап, таразы басын теңестіруге көмектесті — кездесу 2:2 есебімен аяқталды.
