Порту қаласында Норвегияға қарсы өткен матчтан кейін Жезуш бұған дейін жанжалға ұласқан жағдайды «оңай шешілетін түсініспеушілік» деп бағалады.
«Алда не боларын білмеймін. Менің тарапымнан бәрі мүмкін. Криштиану әрі қарай қалай әрекет ететінін өзі шешуі керек. Құрамаға келесі шақырту ма? Егер Криштиану ойнап жүрсе және бізбен бірге болғысы келсе, неге болмасқа? Реніш бар ма? Мүлде жоқ. Бұл - менің ойымша, оңай реттеуге болатын түсініспеушілік. Мұны нақты қашан шешетінімді білмеймін. Норвегияға қарсы матч енді ғана аяқталды, ал оқиғаның қалай өрбитінін кейінірек білеміз», - деді Жезуш «РТП»-ға берген пікірінде.
Бұған дейін Португалия футбол федерациясы 41 жастағы Роналдуды құрамаға қайта шақыруға дайындалып жатқаны хабарланған. Португалия келесі ойындарын 2026 жылдың 14 қарашасында Данияға қарсы өз алаңында өткізеді, ал 2026 жылдың 17 қарашасында Уэльске қонаққа барады.
