Q Football

Монтелла қатарынан төртінші жеңілістен кейін де Түркия құрамасынан кетпек емес

Монтелла қатарынан төртінші жеңілістен кейін де Түркия құрамасынан кетпек емес

Командасы Ұлттар лигасында ұпайсыз келе жатқан итальяндық маман Болоньядағы ойыннан кейін сыншыларға жауап беріп, қазіргі жұмысы үшін тиімдірек ұсыныстардан бас тартқанын еске салды.

Түріктер Италиядан 1:3 есебімен жеңіліп, топта соңғы орында тұр. Соған қарамастан Винченцо Монтелла шәкірттерінің ойынына риза.

«Жігіттерді құттықтаймын, біз тең дәрежеде ойнадық, бірақ бәрін жекелеген эпизодтар шешеді. Біз өзіміз үшін жаңа деңгейде жүрміз, маңызды ойыншыларымыз жетіспейді, мұны ескермеуге болмайды. Мен тәжірибесі аз жастарды шығардым, өйткені біз болашаққа қарап, Еуропа чемпионатының іріктеуін ойлап отырмыз», — деді бапкер.

Ол құрамдардың деңгейіндегі айырмашылыққа назар аудартты.

«Жұрттың бәрі деңгейді түсінсе деймін. Егер олар құны 350–400 миллион тұратын Калафьори, Пио және Тоналиді алаңға шығарып жатса, мен өз ойыншыларымды мақтан тұтамын. Әрине, біз команданың өз нәтижелерімен туғызған үлкен үмітінің өтеуін төлеп жатырмыз», — деп атап өтті маман.

Өз болашағы жайлы айтқанда бапкер сынның орынды екенін түсінетінін мойындады, бірақ кетуді ойламайтынын жеткізді.

«Біздің жағдайымыз тұрақсыз, бірақ мамандығымыз сондай. Мен берілмеймін, ынтам бар. Осы жылдар ішінде маған түрлі ұсыныс түсті, соның ішінде қаржылық жағынан тиімдірек шарттармен де. Бұған өкінбеймін», — деді Монтелла.

Оның сөзінше, командамен қарым-қатынасы бұрынғыдай мықты, ал құрамға ілікпей жүргендердің наразылығын ол қалыпты жағдай деп санайды.