«Адзурри» есепті бірінші болып ашты. 11-минутта Франческо Пио Эспозито Лука Колеошоның пасын ұтымды пайдаланып, қақпаны дәл көздеді.
Бірақ Бельгия жылдам жауап қатты. 15-минутта Максим Де Кейпер Шарль Де Кетеларенің нәтижелі пасынан кейін таразы басын теңестірді. Араға жеті минут салып, 22-минутта алаң иелері алға шықты: Натан Нгой серпілген допқа бірінші жетіп, Джанлуиджи Доннарумманы қапы қалдырды.
Бельгиялықтар қарқынын бәсеңдетпеді. 26-минутта Жереми Доку Де Кетеларенің тағы бір голдық пасын алып, есепті 3:1-ге жеткізді. Осылайша Бельгия 11 минуттың ішінде үш гол соғып, матчтың бағытын толық өзгертті.
Екінші таймда Италия ойынды қайта қолға алуға тырысқанымен, Бельгия кездесуді бақылауда ұстады. 80-минутта Диего Морейра Кевин Де Брюйненің пасынан кейін төртінші голды соғып, қорытынды есепті бекітті - 4:1.
Осы жеңістің арқасында Бельгия Ұлттар лигасының топтық кезеңін ірі есеппен аяқтады.
Бельгия - Италия 4:1
Голдар: Де Кейпер, 15, Нгой, 22, Доку, 26, Морейра, 80 - Эспозито, 11
Бельгия: Ламменс - Кастань, Нгой (Теат, 87), Мехеле, Де Кейпер - Тилеманс, Лавия (Раскен, 76) - Морейра (Троссар, 87), Де Брюйне (Лукаку, 87), Доку (Годтс, 90) - Де Кетеларе
Италия: Доннарумма - Кайоде, Скальвини (Палестра, 62), Бастони, Калафиори - Барелла, Тонали (Сиссе, 62), Фаджоли (Димарко, 46) - Пизилли (Думбия, 46), Эспозито, Колеошо (Вергара, 76)
Ескертулер: Тонали, Скальвини, Доннарумма
