Q Football

Аканджи Швейцария құрамасының қосынынан мерзімінен бұрын кетті

Аканджи Швейцария құрамасының қосынынан мерзімінен бұрын кетті
©️Toto Marti/Blick/freshfocus

Қорғаушы Миланға оралып, Ұлттар лигасындағы Шотландияға қарсы матчқа қатыспайды

Миландық «Интердің» футболшысы Мануэль Аканджи Швейцария ұлттық құрамасының қосынынан кетіп, өз клубының сапына оралатын болды. Журналист Даниеле Маридің хабарлауынша, 31 жастағы қорғаушының бұлшықеті аздап зорыққаны анықталған.

Бұған дейін Аканджи Ұлттар лигасының бесінші турында Словенияға қарсы өтіп, 0:0 есебімен тең аяқталған ойында алаңда толық уақыт өткізген болатын. Осы себепті ойыншы турнирдің алтыншы раундындағы Шотландия құрамасына қарсы ертеңгі матчта швейцариялықтарға көмектесе алмайды.