Q Football

«Зенит» Әліппен бірге Ресей кубогында жеңіске жетті

«Зенит» Әліппен бірге Ресей кубогында жеңіске жетті
Zenit

Қазақстан құрамасының қорғаушысы негізгі құрамда алаңға шығып, бірінші таймды толық өткізді. Үзілістен кейін қазақстандық футболшының орнына алаңға бразилиялық қорғаушы Нино шықты.

РПЛ жолының топтық кезеңіндегі бесінші тур матчы 3:2 есебімен аяқталды. Даниил Кондаков (30-минутта) қонақтарды алға шығарды, ал Фелипе Аугусто (69-минутта) басымдықты екі еселеді. Илья Кирш (73-минутта) алаң иелерінің айырмасын қысқартты. Аугусто 83-минутта гол соғып, дубль жасады. Петербургтіктер матчтың соңында екінші голды өткізіп алды.

«Зенит» 14 ұпай жинап, C тобында көш бастап тұр. Петербург клубы плей-оффқа шығуды бұл кездесуге дейін-ақ мерзімінен бұрын қамтамасыз еткен. Келесі матчты Әліптің командасы РПЛ аясында өткізеді. Екінші қарашада «Зенит» сырт алаңда самаралық «Крылья Советовпен» ойнайды. Кездесудің басталуы — Қазақстан уақыты бойынша 20:00.