Сайттың бағалауынша, Қазақстан ұлттық құрамасы ойыншыларының басым бөлігі ел ішінде өнер көрсетеді. Авторлар бұған ішкі чемпионаттағы кейбір клубтардың қаржылық мүмкіндіктерін себеп ретінде келтіреді.
Басылым екі құраманың ФИФА рейтингіндегі орнын да бөлек салыстырды: Қазақстан 12 саты жоғары тұр — Фарер аралдарының 123-орынына қарсы 111-саты. Авторлардың пікірінше және жалпы әсер бойынша, қазақстандық лига сәл де болса басымдау көрінеді.
Бұған дәлел ретінде Portal.fo соңғы бес жылдағы клубтардың еурокубоктардағы өнері бойынша есептелетін УЕФА коэффициенттер кестесін келтірді. Онда Қазақстан Премьер-лигасы 38-орынға тұрақтаса, Фарер аралдарының чемпионаты 41-сатыда келеді. «Қазақстан чемпионаты бағалау бойынша да фарерлік лигадан сәл де болса мықтырақ көрінеді», — деп жазады сайт.
Фарер аралдары — Қазақстан матчы 26 қыркүйекте Торсхавнда өтеді.
