Q Football

Максим Самородов РПЛ матчында «Ахматтың» ең нашар ойыншысы атанды

Максим Самородов РПЛ матчында «Ахматтың» ең нашар ойыншысы атанды
Akhmat

«Flashscore» статистикалық порталының мәліметі бойынша, Самородов сарапшылардан 5,6 балл алды — бұл аталған кездесудегі «Ахмат» ойыншылары арасындағы ең нашар көрсеткіш

Самородов матчты негізгі құрамда бастап, 76-минутта ауыстырылды. Командадағы өзге ойыншылардың бағалары да белгілі: шабуылшы Конате - 5,7, қорғаушылар Турпал-Али Ибишев - 5,9, Максим Сидоров - 6,0. Ал Калиду Сидибе мен Лечи Садулаев 6,4 баллдан алды.

Ойындағы голдар ерте және кеш соғылды: 3-минутта Даниил Фомин есеп ашса, 77-минутта Константин Тюкавин «Динамоның» жеңісін бекітті.

Бұл нәтижеден кейін «Ахмат» 11 ұпаймен РПЛ турнир кестесінде 14-орында тұр. Грозныйлықтар келесі кездесуін 7 қарашада «Родинаға» қарсы өткізеді, ойын Қазақстан уақытымен 18:30-да басталады.