Жетінші минутта жанкүйерлер бұрынғы капитанның құрметіне қол шапалақтап, стадион экранында арнайы жолдау көрсетілді. Алайда мерекелік көңіл күйді даниялықтар бұзды. Бірінші тайм аяқталмай тұрып, Рубен Диаштың қолына доп тигені үшін белгіленген пенальтиді Пьер-Эмиль Хёйбьерг сәтті орындап, есеп ашты.
Екінші таймда Расмус Хёйлунн дубль жасап, Йоаким Андерсен қонақтардың басымдығын төрт голға жеткізді. Бернарду Силва тек қосымша уақытта жауап қайтарып, португалиялықтардың жалғыз голын соқты.
Жеңіліске қарамастан, Португалия 12 ұпаймен топтағы бірінші орнын сақтап қалды және келесі кезеңге шығуға кепілдік беріп қойды. Дания тоғыз ұпай жинап, екінші жолдама үшін Норвегиямен күресін жалғастырып жатыр.
