17 жастағы вингер Челленджер про-лигасының 11-турындағы кездесуде 87 минут ойнап, 20-минутта сары қағаз алды. Матч 1:5 есебімен көш бастап тұрған «Беерсхоттың» пайдасына аяқталды.
Шахмұраттың «Генкпен» келісімшарты үш жылға жарамды. Сондай-ақ Дәулетов осы айда ұлттық құрама сапында Косовоға (1:0) қарсы жеңіс голын соққан еді.
11 турдан кейін он ұпай жинаған «Йонг Генк» турнир кестесінде 12-орында келеді.
