Барановичиде өткен кездесу қонақтардың 0:1 есебімен жеңіске жетуімен аяқталды. Жалғыз голды 56-минутта «Белшина» жартылай қорғаушысы Павел Селезнев соқты. Ойынның соңында алаң иелері азшылықта қалды — 90-минутта қорғаушы Артём Бруй екінші сары қағазын алып, алаңнан кетті.
Матчқа «Барановичидің» екі қазақстандық легионері де қатысып, екінші таймда алаңға қосалқы құрамнан шықты: Алиби Тузакбаев 59-минутта Егор Лапунның орнына ойынға қосылды, ал Ерсултан Торекул 79-минутта Михаил Бондаренконы алмастырды.
29 турдың қорытындысы бойынша «Барановичи» 31 ұпаймен турнир кестесінде 11-орында тұр, ал «Белшина» ұпай санын 27-ге жеткізіп, 13-орында орналасқан.
