Q Football

«Деңгейіміз осы». Ван ’т Схип Қазақстан құрамасына баға беріп, алдағы міндетті белгіледі

«Деңгейіміз осы». Ван ’т Схип Қазақстан құрамасына баға беріп, алдағы міндетті белгіледі
KFF

Нидерландтық маманның айтуынша, өз алаңындағы жеңілістер мен Словакияға қарсы сәтсіз ойыннан кейін топта жеңіске жету міндеті күрделене түскен. Бас бапкер енді команда назарын Фарер аралдарымен өтетін келесі кездесуге аудару керек екенін жеткізді

«Өз алаңымыздағы жеңілістерден кейін және Словакиямен ойындағы сәтсіздіктен соң топта жеңіске жету өте қиын болады. Енді біз тек Фарер аралдарымен болатын ойынға назар аударуымыз керек. Қолымыздан келетіні - өзімізді ақтап, бұл команданың жеңіске деген құштарлығы мен жігері бар екенін көрсету.

Біз С дивизионында ойнап жүрміз - бұл біздің деңгейіміз. Мұнда А лигасындағыдай аспандап тұрған класс иелері жоқ, барлық матчтар өте тартысты өтеді: 1:1, 1:2. Өкінішке қарай, бұл жолы жеңілген тарапта қалып қойдық», - деді Ван ’т Схип.

Ұлттар лигасының үшінші турындағы матчта Қазақстан құрамасы Молдовадан 1:2 есебімен жеңілді. Алаң иелері сапындағы жалғыз голдың авторы - қорғаушы Нұралы Әліп.

Қазақстан құрамасы келесі ойынын 2026 жылдың 6 қазанында Астанада Фарер аралдарына қарсы өткізеді.